Жаңалықтар

Ақпараттық қауіпсіздік арқылы киберқылмыспен күресу

ІТ-технологиялар саласындағы қазіргі заманғы қауіптер мен сын-қатерлерді ескере отырып, Бас прокуратураның бастамасы бойынша Құқық қорғау органдары академиясының базасында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған оқу курсы өткізілді. Цифрландыру дәуірінде қоғамдық өмірдің барлық салалары ақпараттық қауіпсіздікке көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Сондықтан прокуратура қызметкерлері қойылған міндеттерді тиімді орындау үшін осы салада терең білімге […]

Жаңалықтар

Академия ректоры Венадағы ЕҚЫҰ конференциясының жұмысына қатысты

2024 жылғы 11 маусымда Венада (Австрия) Орталық Азиядағы киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша әлеуетті дамытуға бағытталған ЕҚЫҰ-ның өңірлік жобасы бойынша қорытынды конференция өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаев қатысты. Конференцияда 2019 жылдан 2024 жылға дейін жүзеге асырылған жоба бойынша жетістіктер мен қорытындылар талқыланды. Конференцияға киберқылмыстарға қарсы тұру әдістері […]

Жаңалықтар

Қазақстан прокурорларының этикасы және азаптаудың алдын алу бойынша онлайн-курстардың тұсаукесері  

Құқық қорғау органдары академиясында Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақ бөлімшелерімен бірлесіп, Орталық Азиядағы HELP бағдарламасы аясында Қазақстанда алғаш рет іске асырылып жатқан «Қазақстан прокурорларының этикасы» және «Қатыгездікке тыйым салу» (азаптауға қарсы іс-қимыл) тақырыптары бойынша онлайн-курстар таныстырылды. Онлайн-курстар прокурорларға және Қазақстанның басқа да кәсіпқой-заңгерлеріне (судьяларға, адвокаттарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне) өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша ыңғайлы уақытта […]

Жаңалықтар

Академия қызметкерлері Әзірбайжанда өткен халықаралық конференцияға қатысты

Биылғы жылдың 4-6 маусымы аралығында Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Баку қаласында өткен «Түркі мемлекеттерінің құқық қолдану қызметіндегі цифрландыру және конвергенция» халықаралық конференциясына қатысты. Іс-шараны Әзербайжан Республикасының Әділет министрлігі мен Бас прокуратурасы сот-құқықтық дайындықтың түркі желісі аясында ұйымдастырды. Сот-құқықтық дайындықтың түркі желісі 2022 жылғы 12 желтоқсандағы Ыстамбұл өзара түсіністік туралы меморандумның негізінде құрылды және оған […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясы адам құқықтары және адам саудасына қарсы күрес бойынша төртінші өңірлік тренинг өткізді

5-7 маусым аралығында Ақтау қаласында Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының прокуратура, сот жүйесі және полиция қызметкерлері үшін төртінші өңірлік тренинг өтті. Іс-шараны Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлескен жоба аясында АҚШ Елшілігінің INL бөлімінің қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды. Тренинг адам құқықтарын қорғауды күшейтуге және Қазақстандағы адам саудасына қарсы күреске бағытталған. Іс-шара барысында құқық […]

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған зияткерлік викторина

Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған зияткерлік викторина өтті. Іс-шараға Академия қызметкерлері мен студенттерінен құралған командалар қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда атап өтіледі және еліміздің ресми рәміздері: Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік ту және Мемлекеттік әнұранның қабылдануын білдіреді. Бұл мереке алғаш рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің […]

Яндекс.Метрика