Академия өңірлік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында БҰҰ-ның Қылмыс пен сот төрелігі мәселелері жөніндегі өңіраралық ғылыми-зерттеу институтының (UNICRI) өкілдерімен кездесу өтті. Қатысушылар «CONTACT – Орталық Азия» жобасын іске асыру және одан әрі өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын талқылады. Жоба құқық қорғау органдарының, ұлттық қауіпсіздік және ядролық реттеу органдарының радиоактивті және ядролық материалдардың заңсыз айналымына байланысты […]